Балалар отбасы туралы әңгімелесіп, ата-анаға деген сүйіспеншілік, қамқорлық, сыйластық пен мейірімділік туралы өз ойларымен бөлісті. Кейін әр тәрбиеленуші өз отбасының суретін бояп, шығармашылық жұмыстарын үлкен мақтанышпен таныстырды.

Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың отбасы құндылықтары туралы түсінігін кеңейту, жақындарына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отбасы – әр баланың бақытты балалық шағының бастауы, мейірім мен жылулықтың мекені.