«Гүлдер» тобында Батыр күніне арналған танымдық іс-шара өтті. Балалар Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығы туралы әңгімелесіп, Отанды сүю, елін құрметтеу, батылдық пен қайсарлық сияқты асыл қасиеттердің маңызын білді.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілер тақырыпқа сай суреттерді бояп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар қызықты ойындар мен эстафеталарға қатысып, белсенділік танытты. Белсенді қатысқан балалар «Жас батыр» медальдарымен марапатталды.

Осындай тәрбиелік шаралар балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, елін, жерін құрметтеуге, достыққа, ұйымшылдыққа және батыл болуға тәрбиелейді.

Барша бүлдіршіндеріміз Отанын сүйетін, елінің мақтанышы болатын білімді, батыл әрі қайсар азамат болып өссін! 🇰🇿💙

День батыра в группе «Гүлдер» 🇰🇿⭐